Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Антикордың жалған қызметкері Нұрбол Кәрімов қамауда - агенттік

2022 жылғы 1 маусым 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні тоқтатты деген видео тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрбол Кәрімов осы жылдың 20 мамырынан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды», - делінген Агенттік мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ведомство Каримовтың басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін де хабарлады.

Еске сала кетсек, 19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты әшкереледі. Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар