Антикор статистикасынан гөрі халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды – Бектенов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің статистикасынан гөрі халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастысы – бюджет қаражаты есебінен тұрғызылатын нысанның сапалы салынуы және белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі. Адамдар ауыз суды уақытылы алып, сапалы жолдармен жүреді, жаңа пәтерлерге қоныстанады. Олар үшін ең бастысы осы емес пе? Азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқаты немесе біздің статистика – қайысысы маңызды? Меніңше, жауап айқын», - деді ол ведомствоның алқа отырысында

Олжас Бектенов агенттік неғұрлым тезірек әрекет етсе, соғұрлым жақсы болатындығын баса айтты.

«Қылмыстық істі қозғау маңызды емес. Ең бастысы – бюджет есебінен салынып жатқан нысанның сапалы салынып, белгіленген мерзімде тапсырылу. Біздің статистикамыздан гөрі халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды. Бұл орайда аталған әдіс жемқорлықпен күресті әлісіретпейді. Керісінше, бізге алдын орай қимылдап, барынша тиімді әрекет етуге бағыттайды», - деді агенттік төрағасы.


Соңғы жаңалықтар