+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Антикор «СҚ-Фармация» мен медсақтандыру қорындағы жемқорлық фактілерін тексере бастады

2020 жылғы 13 шілде 20:33
Бөлісіңіз:
Антикор «СҚ-Фармация» мен медсақтандыру қорындағы жемқорлық фактілерін тексере бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Антикор шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды және МӘСҚ қаражатын жымқыру фактісін тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 7 қостанайлық сыйақы алды Жемқорлықпен күрес бүкіл қоғам мәселесі – депутат

Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сегменттегі дәрі-дәрмектердің, медициналық техника мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы - «СК-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бастады.

«Талдау барысында компания қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы жан-жақты зерделенеді. Нәтиже бойынша оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік сатып алуды тиімді ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі» делінген хабарламада.

Компания басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзу фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар, агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеруде.

«Сондай-ақ, Сыбайлас қызметтің сатып алынатын қызметтердің бағасын асыра көтеру арқылы «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаймыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда» деп мәлім етті агенттіктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT