Антикор шынайы қылмыстық істерге негізделген сериал түсірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шынайы қылмыстық істерге негізделген шағын сериал түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QANA» шағын сериалы –Антикордың жобасы. Сюжеті шынайы қылмыстық істерге негізделген. Жанры – детектив, драма.

Фильмде негізгі кейіпкер мен оның серіктесі сыбайлас жемқорлық істерін ашумен айналысады. Істің егжей-тегжейіне үңілу кезінде олар өздерінің өткен өмірін еске алады.

«Әріптестердің мақсаты бір, бірақ тергеуді соңына дейін жеткізуде әрқайсысының өзіндік себебі бар. Әркімнің өз әдісі мен жеке шындығы бар», - делінген баспасөз баянында.

Бірінші серияның премьерасы ертең, 26 қаңтар күні сағат 19:30-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің YouTube-каналында болады.

Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар