Антикор «шенеунігіне» қатысты видеоға түсінік берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте өзін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқармасының басшысы ретінде таныстырып жүрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде көлікке мінген үш ер адам туралы видео таралуда. Қозғалыс үстіндегі машинаны полиция көлігі қуып жетіп, тоқтатады. Көліктің артқы жағында отырған жолаушы полицеймен сөйлесуге түсіп, көп ұзамай қайта оралады. Айтуынша, полицейге «корочканы» көрсеткен. «Ол менімен амандасу үшін тоқтатты, гарантия беремін!», - деп қосады жолаушы.



ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі видеоға қатысты түсінік берді.

«Аталған азамат ешқашан Антикор қызметкері болған емес және қазір де қызмет атқармайды.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында оның Шымкент қаласының тұрғыны, азамат К. екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді агенттіктен.

Ведомство азамат К. қолдан жасап алған жалған куәлікті де көрсетті.



Соңғы жаңалықтар