Антикор өз қызметкеріне қатысты тергеу туралы түсінік берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз қызметкерінің заңсыз іс-әрекеттері фактісі бойынша қызметтік тергеу барысы жайлы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Қарағанды облысы СЖҚА Жезқазған өңірі бойынша Ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Д.Т. Кудикеновтің заңсыз іс-әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Д.Т. Күдекеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылуда.

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Д.Т. Кудикенов «Пневмония» диагнозымен ауруханада жатыр.

Осыған байланысты, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Д.Т. Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды. Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Д.Т. Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар