Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Антикор қызметкерімен келісіп берем деп елден ақша алған азамат ұсталды

2022 жылғы 18 наурыз 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алаяқтық және айдап салу арқылы 35 мың АҚШ доллары мен 1 млн теңгені қалтасына басқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жеке қауіпсіздік департаменті алаяқтық жолмен және айдап салу арқылы Б. деген азаматтың 35 000 АҚШ доллары және 1 миллион теңге сомасындағы ақшасын алған Т-ны әшкереледі.

Т. бұл соманы күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне берем деп алдаған.

18 наурызда Т. ұсталып, қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізеді, оның ішінде өз қатарындағы жемқорлықты да әшкерелейді» делінген хабарламада.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар