Антикор «Fokker-100» ұшағының апатына байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерінің үстінен «Fokker-100» ұшағының Алматы іргесіндегі апатына байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтылған.

«Астанадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерінің үстінен Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (қызметтегі əрекетсіздік) бойынша 2018 жылы «Fokker-100» ұшағының апатқа ұшырауына əкеп соққан Алматы қаласы əуе айлағының ұшуға жарамдылығы сертификатын заңсыз беру жөніндегі қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Лауазымды адамдардың іс-əрекеттеріне түпкілікті бағалау тергеу қорытындысы бойынша берілетін болады», - деп жазылған жауапта.

Еске салсақ, былтыр сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты орын алған авиациялық оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталғанын мәлім еткен еді.

Ал 2021 жылдың мамырында Алматыдағы әуе айлағының маңайында жерді заңсыз сатқандар сотталған болатын.

Алматы әуежайы апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағының соңғы сәттерінің хронологиясын жариялады.


Соңғы жаңалықтар