Антикор бұрынғы жедел полиция қызметкері Әкімбаевтың неге қамауда отырғанын түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы жедел полиция қызметкері А. Әкімбаев неге ұзақ уақыт қамауда отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тергеу істері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жатпайтын елеусіз қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті А. Әкімбаевты ұзақ уақыт қамауда ұстау туралы мәліметтер тараған.

Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар ауыр жемқорлық қылмыстар жасау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

«Лауазымды тұлғаларды ұстау кезінде күдіктілердің бірімен туыстық қарым-қатынаста болған А. Әкімбаев (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі келтіріп, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауда айыпталушыларды айыптайтын заттай дәлелдемелерді жасырды.

Осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде оның туысы, ауыр жемқорлық қылмысына күдікті жасырынып үлгерді. Кейіннен, қысқа уақыттан кейін ұсталып, қазіргі уақытта тағылған айыптарды мойындады.

Жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, А. Әкімбаевтың әрекеттері жемқорлық, ауыр қылмысты алдын ала уәде етілмеген жасыру, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кедергі жасау және билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану ретінде сараланады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, А. Әкімбаевтың іс-әрекеттерінің біліктілігін қадағалаушы прокурор бекітті, ол тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, себебі оның іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісінің басқа да қатысушыларының іс-әрекеттерімен тығыз байланысты.

Прокуратура қылмыстық-процесстік кодексіне сәйкес тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітті.

Қылмыстық-прцесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.



Соңғы жаңалықтар