Антикор басшысы агенттік құрылымының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V республикалық кәсіпкерлер форумында ведомство құрылымының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы заң бойынша агенттікке превенция, анықтау және тергеудің үш негізгі функциясы жүктелгенін атап өтті.

«Біз осы үш блоктың өзара сапалы іс – қимылын қамтамасыз етуіміз керек, бірақ ең бастысы – превенция», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Оның айтуынша, агенттік жұмысының жалпы қорытындысы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру болуы тиіс.

Сондай-ақ, М.Ахметжанов агенттік үйлестіру бойынша өз қызметін белсенді пайдаланатынын атап өтті. Оның пікірінше, дәл осы функция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті тек құқық қорғау ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган етеді.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағандардан сұранысты қатаңдату жоспарлануда. Өткен жылдың қорытындылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 90% Антикордың сыртқы талдауымен анықталатынын көрсетті.

«Осындай тетіктердің бірі қазіргі уақытта Бас прокуратурамен бірлесіп әзірленіп жатқан сыбайлас жемқорлықты бағалау жүйесі болады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша әкімдер мен министрлер қызметінің тиімділігін бағалайтын параметр болады», - деп атап өтті спикер.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу порталдарын біріктіруді, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді жария орналастыруды ұсынды.

Антикор басшысы жекелеген кең таралған және біртекті тауарлар үшін бірыңғай ерекшеліктер мен бағаларды белгілеу қажеттігін атап өтті.

«Ірі нысандарды салу кезінде дамыған елдердегідей жобалық жоспарлауға көшу керек. Сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуден бастап игеруге дейін сүйемелдеуді енгізген жөн. Мемлекеттік қаржымен жұмыс істегің келсе – ашықтыққа дайын бол», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына талдау жүргізу туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бұл жақында қабылданған ауыл әкімдерін сайлау туралы Заңға байланысты.

«5 жыл ішінде субсидиялауға 1 трлн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан көбі (54%) – субсидия ұрлау», - деп атап өтті Антикор басшысы.


Соңғы жаңалықтар