Антикор Алматы облысының барлық деңгейдегі басшыларына конверт таратып жатыр

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Антикор Алматы облысының барлық деңгейдегі басшыларына конверт жіберіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Конверттерде тек хаттар болуы керек» акциясын өткізді.

Шара аясында Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының басшыларына яғни, облыс әкімінен бастап, аудандық бөлім жетекшілеріне дейін конверттер таратылды. Онда жемқорлыққа қарсы тақырыпта балалар салған суреттер бар.

Хатты алушылардың бірі – Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Жандосов: «Конвертті алып, хатты оқыдым. Бұрын хатта туыстары мен жақындарына деген ішкі жан сыры сақталатын болған, ал қазір конверт теріс мақсатта пайдаланылатындығы жасырын емес. Балалардың суреттері керемет әсер берді. Мұндай конверттерді алған әр адам әр қадамын ойлап, адал еңбектенеді деп ойлаймын. Өте дұрыс бастама», – деді.


Соңғы жаңалықтар