Антикор ағайынды Нығматулиндер тергеліп жатқанын растады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мен інісі Ерлан Нығматулин тергеуге алынғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тelegram-арналардың бірінде Нұрлан Нығматулин мен сыңары Ерлан Нығматулиннің тергеліп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне аталған ақпараттың растығын мәлім еті. Алайда аталған тұлғалардың қай күні тергеуге алынғаны хабарланған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.М.Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Арыз берушінің уәждері тергеу барысында тексерілетін болады. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп жазылған агенттік мәліметінде.

Еске салсақ, биылғы ақпан айында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілетігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізген болатын. Ал наурыз айында Н. Нығматулин сол кездегі «Nur Otan», қазіргі «AMANAT» партиясының Саяси кеңесінен шығарылды.


Соңғы жаңалықтар