Антибиотик пен антикоагулянттар коронавирусты емдей алмайды – дәрігер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қалалық инфекция орталығының басшысы Татьяна Цечоева коронавируспен ауырған кезде антибиотик пен антикоагулянт қолданудың салдары қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Антибиотик те, антикоагулянт та коронавирусқа қарсы профилактикалық шара ретінде қолданылмайды. Бұл препараттар нақты белгілі себеп болған жағдайда ғана тағайындалады. Пневмония болған кезде ең алдымен өкпенің тамырлары бітеліп қалады, одан кейін сол жердегі бактериялық флораның белсенді болуына байланысты немесе жаңа бактериялық флораның қосылуына байланысты өкпе қабынады. Бұған қоса иммундық жүйеге коронавирус та ерекше әсерін тигізеді», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева.

Оның айтуынша, бөлмені желдетіп отыру жылдың қай мезгілінде де маңызды.

«Бөлмені желдеткен кезде тоңып қалмас үшін бөлмеден шығып кету керек. Суық ауа коронавирусқа қалай әсер ететіні туралы зерттеу жұмысы жүргізілген жоқ, себебі бүкіл әлем коронавирус инфекциясымен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр. Ауру жұқтырған адам жатқан бөлме де желдетілуі керек, себебі ауа айналымы болуы керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар