Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр
2022 жылғы 20 қаңтар 14:11

Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Антарктидадағы Уэдделла теңізінде Ронне мұздығының батыс жағында түзілген алып айсберг бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Бұл туралы Еуропалық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«А-76 деп аталатын айсбергтің ауданы шамамен 4320 шаршы км. құрайды. Ол қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен айсберг болып саналады», — делінген хабарламада. ЕҒА мәліметі бойынша, айсбергтің ұзындығы шамамен 170 км және ені 25 км, бұл Майорка аралынан сәл үлкен.

Баспасөз қызметі бұған дейін әлемдегі ең үлкен айсберг А-23А болғанын, оның ауданы шамамен 3880 шаршы км екендігін атап өтті, ол да Уэдделла теңізінде орналасқан.

Агенттік айсбергті британдық антарктикалық зерттеу қызметі анықтағанын айтты және суреттерді Copernicus Sentinel-1.спутниктік тобы түсірген.


Jańalyqtar

MURAǴAT