Антарктидада 36 мың жаңа туған пингвин аштан қырылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Антарктидада 36 мыңға жуық жаңа туған пингвин аштықтан өлген. 36 мың пингвиннен тек екеуі ғана аман қалды, деп хабарлайды The Telegraph .  

Жануарлардың жаппай қырылуы солтүстік  мұздардың жылдам еруі салдарынан болуда. Ғаламдық жылыну Аделиді мекендейтін жануарлардың тамақ тауып жеу жағдайларын айтарлықтай қиындатқан. Олар қорек табу үшін қонысынан алысқа ұзауға мәжбүр. Сөйтіп тамақсыз қалған жас пингвиндер қырылып қалған.

The Telegraph басылымының хабарлауына қарағанда, Антарктикадаға жануарлар ресурсын қорғау туралы комиссияның мүшелері 16 қазанда бас қосып, ғаламдық жылыну, жануарларды сақтап қалу мәселелерін талқыламақ. Аталған комиссияның құрамында 24 мемлекет пен Еуродақтың мүшелері бар.

Айта кетейік, солтүстік жарты шардағы пингвиндердің жаппай қырылу оқиғасы бірінші болып отырған жоқ. Осыдан 4 жыл бұрын күннің күрт суытуынан 20 мың пингвин қырылып қалған еді.

ФОТО: telegraph.co.uk

Соңғы жаңалықтар