Антарктидада +18 градустық жаңа температуралық рекорд тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Антарктидада 18,3°С жаңа температуралық рекордты тіркеді. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымына (БМҰ) сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін рекордтық температура 2020 жылдың 6 ақпанында Антарктикалық түбегінде Esperanza аргентиналық зерттеу станциясында анықталған еді. Ал мұның алдында антарктикалық континеттегі рекорд +17,5°С болған. Ол да Esperanza станциясында анықталды, бірақ 2015 жылы.

«Максималды температураны тексеріп отыру маңызды, бұл Жердің ең соңғы шекараларының біріндегі ауа райы мен климатты бақылап отыруға мүмкіндік береді», - деді БМҰ-ның бас хатшысы Петтери Таалас.

Оның айтуынша, антарктикалық түбек – ғаламшардың ең тез жылып келе жатқан өңірі. Соңғы 50 жылда 3°C жылыған.


Соңғы жаңалықтар