Antares қаржы пирамидасын құрып, 50 млн теңгені қалтасына басқан әйел 6 жылға сотталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Пирамида ұйымдастыру фактісін Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылы сотталушы «Antares» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған және бір топ адам болып алдын ала сөз байласу арқылы азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқан және күн сайын кепілдендірілген пайда алып отырасың деп жалған ақпарат таратқан.

Бұл әрекетімен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келді.

Сот айыптыны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сотталушының 3 жас баласының болуы және жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар