Анталиядағы су тасқыны: көпірлер қирап, үйлер мен жылыжайларды су басты

None
АНТАЛИЯ. Анадолы-ҚазАқпарат – Анталияның Кумлуджа аймағында нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқыны салдарынан көптеген үйлерді, дүкендер мен жылыжайлар су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ішінара электр қуаты өшіп қалған. Кумлуджа қаласының мэрі Мұстафа Колеоглу мен Кумлуджа ауданының губернаторы Текин Эрдемир көпірлердің опырылып, бірқатар жолдардың бүлінгенін хабарлады.

Су тасқыны Финике аймағында да болған. Финике ауданының губернаторы Мұса Қазым Челик үйлерінде қалып қойған адамдарды құтқару бригадалары алып шыққанын айтты.

Қауіпсіздік мақсатында аудандағы мектептер бір күнге жабылды.

Түнде қатты жаңбырдың салдарынан жабылып қалған Кумлуджа мен Финике аудандарындағы жолдар ашылды.

Кумлуджа – Түркиядағы қызанақ өндірісінің маңызды орталығы. Кумлуджадағы көптеген жылыжайлар су астында қалды.

Жылыжай жанындағы үйлерде қалып қойған азаматтар қайықтың көмегімен құтқарылды.

Анталия муниципалитетінің мэрі Мұхиттин Боджек су тасқыны туралы 474 хабарлама келіп түскенін хабарлады.

Аудандық муниципалитеттің автотұрағын су басып, 225 көлік су астында қалды.

Фото: aa.com.tr


Соңғы жаңалықтар