Анталиядағы дауылда қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталия әуежайындағы апаттан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Консулдыққа ешкім шағым айтып xабарласқан жоқ. Біздің дипломаттар жергілікті төтенше жағдайлар бойынша органдармен байланыста», - деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Жергілікті NTV телеарнасының хабарлауынша, Түркияның Анталия әуежайында қатты желден автобус пен микроавтобус аударылды. Одан бөлек, екі ұшақ пен тікұшаққа да зақым келген.

«Салдарынан 12 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.




Фото әлеуметтік желілерден алынды

Соңғы жаңалықтар