Анталияда жолаушылар автобусы аударылып, ресейлік 4 турист мерт болды

None
None
МАНАВГАТ. ТАСС – ҚазАқпарат – Анталия провинциясының курортты қаласы Манавгат ауданында ресейлік туристерді тасыған автобуспен болған жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

РФ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 ресейлік көз жұмған, бесеуінің жағдайы ауыр, тағы екеуі реанимацияда жатыр.

Бұл ретте «Интурист» компаниясы төрт Ресей азаматы көз жұмғанын, 16 адамның ауруханада жатқанын хабарлады.

Оның мәліметі бойынша, олардың бәрі - Самара облысынан, басқа аймақтардан туристер болмаған.

Автобус Конаклы кентінен әуежайға 22 ресейлік туристен тұратын топты тасыған, оның арасында тоғыз бала болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған: көлік бөлу сызығын кесіп өтіп, қарсы жолаққа секіріп, аударылып кеткен.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.


Соңғы жаңалықтар