Анталияда жол апатынан тоғыз ресейлік турист зардап шекті

None
None
АНТАЛИЯ. ТАСС-ҚазАқпарат – Түркияның Анталия провинциясындағы Серик кентінде жол апатынан тоғыз ресейлік турист зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«31 қазанда сағат 7:30-да Серик кентінде ресейлік 12 туристі әуежайға апара жатқан автобус жол апатына ұшырады. Тоғыз Ресей азаматы зардап шекті», деп жазды Анталиядағы Ресей консульдігі Facebook -тегі парақшасында.

Зардап шеккендердің барлығы жақындағы медицина мекемесіне жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген. Екі бала мен бір ересектің жағдайы орташа ауыр. Олар дәрігердің бақылауында қалады.

Түркия жол полициясының мәліметі бойынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолды бөлген сызықты кесіп өтіп, қарсы бетке шығып кеткен. Автобус аударылып қалған.


Соңғы жаңалықтар