Анталияда Түркітілдес елдер мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесінің кезекті XXVIII мәжілісі болады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 23 қараша. ҚазАқпарат / Ирина Дынникова/ - Анталияда ағымдағы жылдың 24-25 қараша аралығында Түркітілдес елдер мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің кезекті XXVIII мәжілісі болады.

Бұл алқалы жиынға Түркия Мәдениет және туризм министрі, ТҮРКІСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі - Эртугрул Гюнай, ТҮРКІСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және ТҮРКІСОЙ-ға мүше мемлекеттерінің мәдениет министрлері қатысады.

ТҮРКІСОЙ Тұрақты Кеңесінің XXVIII отырысының күн тәртібінде: өткен кезендерге Ұйымның атқарған қызметтік есеп беру, қаржылай қызметтік есеп беру, Түркітілдес мемлекет басшыларының Х саммитінің шешімі, Түркітілдес мемлекеттердің егемендік жариялауының 20 жылдығы аясында 2011 жылы Түрікменстанның астанасы Ашхабадта «Мәдениет фестивалін» өткізу, ЮНЕСКО ісі бойынша комитеттер ТҮРКІСОЙ-ға мүше мемлекеттердің және ұлттық комиссия өкілдері мәжілісінің декларациясы, «Ахмет-Заки Валиди Тоған» жылына арнап өткізілген іс-шараларына есеп беру, ТҮРКІСОЙ-дың «2011- Ғабдулла Тоқай жылын» жариялауына байланысты жоспарлық тойлау шараларының жобасы, Нью-Йорк қаласының БҰҰ штаб-пәтерінде «Наурыз-2011» мерекелік шараларды өткізу жобасы сияқты мәселелер қарастырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ ТҮРКІСОЙ ұйымының уақытша үйлестірушісі сайланып, кезекті XXIX мәжілісінің уақыты мен орны белгіленетін болады.

Сонымен қатар, Жерорта теңіздік университетінің «OLBİA» көрме залында ТҮРКІСОЙ-дың XIII суретшілер шығармашылық зертханасының ашылуы мен салтанатты марапаттау рәсімдері өткізіліп, ТҮРКІСОЙ Жастар камералық оркестрі концерт береді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар