Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды

None
None
АНТАЛИЯ. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында 14-ші Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды. Биылғы фестивальдің тақырыбы - «Теңізде туған аңыздар», деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Фестиваль курорттық Лоре қаласындағы жағажайда өтіп жатыр. Мұнда 15 мүсінші 200-ге жуық туындыны көрсетеді. Құмды композициялар жасау үшін шамамен 10 мың тонна құм пайдаланылды.null

Түнгі уақытта құмды мүсіндерге жарық түсіру үшін арнайы жарықтандыру жүйесі қолданылды.

Келушілер фестиваль алаңынан аты аңызға айналған Атлантиданың, Шотландия аңызы Финфолктың, Солтүстік Еуропаның құбыжығы - кракеннің, Кореядан шыққан тасбақа-кемелері - кобуксонның, теңіз құбыжығы Левиафанның, Акваменнің, су перісінің, сиренаның, Посейдонның және басқа да аты аңызға айналған кейіпкерлердің құмнан жасалған мүсіндерін көре алады.null

Сонымен қатар, әлемнің жеті кереметінің құмды композициялары, атап айтқанда, Хеопс пирамидалары, Тәж-Махал және Галикарнас танымал кесенесінің мүсіндері фестивальға келушілердің назарын аударып жатыр.

Фестиваль режиссері Джем Карадждың айтуынша, 15 мүсінші үш апта ішінде 10 мың тонна құмнан 200-ге жуық композиция құраған.

Анталиядағы Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі әлемдегі құмды композициялардың алғашқы және бірегей ашық көрмесі.null null null null

Соңғы жаңалықтар