Анталияда атысты видеоға түсірген атыраулық туристер демалыстарын үзбек емес (ВИДЕО)

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекеті кезінде Анталияда демалып жатқан атыраулық туристердің бірі қонақ үйден ұшаққа оқ атылғанын видеоға түсіріп алған.

«Осындай жағдайды көрдік. Ұшаққа тиген сияқты. Соңынан қара түтінді аңғардық. Алайда жарылысты естімедік. Мұны есептемегенде барлығы тыныш. Алаңдамаңыздар. Бұйырғаны болады», - деп жазған Атырау тұрғыны Мұрат достарына видео жіберген.

Анталияда демалып жүрген атыраулық туристердің бірі де демалысын үзуге ниет танытпады.

«Қазір туристік агенттіктердің турларын сатып алған облысымыздың 235 тұрғыны Түркияда. Агенттіктегі демалысты үзу жайлы бір де өтініш түспеді. Түркияға барайын деп жатқандар да райынан қайтпаған. Сейсенбі күні  Анталияға кезекті чартер жіберіледі. Барлық 235 орын сатылып алынды», - деді Атырау облысы бойынша кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаева.

 

 

Соңғы жаңалықтар