Анталия жағалауында босқындар мінген кеме суға батып, 9 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Анталия провинциясындағы Демре ауданы жағалауында босқындар мінген шағын кеме суға батып, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркияның жағалауды қорғау қызметінің ақпаратына қарағанда, шағын кеме жексенбіге қараған түні Кевова аралынан 2,5 миль қашықтықта суға батқан.

Оқиға орнына күзет кемесі, ұшақ және тікұшақ шұғыл бағытталды.

Тоғыз адамның: екі ер адамның, әйелдер мен алты баланың мәйіті табылды.

Құтқарылған босқындардың айтуларын қарағанда, шағын кемеде 15-15 адам болған.

Із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жағастырылуда. 

Соңғы жаңалықтар