Аңшылық туризмін дамыту үшін бірқатар заңдарға өзгеріс енгізілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аңшылық туризмін дамыту үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

«Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарлама мақсаты - туристік саланы дамыту, туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, жайлы туристік ахуал құру, ішкі және халықаралық нарықтарда еліміздің туристік әлеуетін ілгері жылжытудың тиімді жүйесін қалыптастыру, туристік саланы дамытуды басқару және оған мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру. Талқылау барысында кәсіпкерлер тарапынан аңшылық туризмін дамыту үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізілді», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Сәкен Ділдахмет.

Атап айтқанда, ұсыныстар мынадай:

1) аң аулауды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету кезінде (аңшылық туры кезеңінде) аңшылық шаруашылығын жүргізу субъектілерінің аңшыларға атыс қаруын беру құқығы.

2) жеке тұлғалардың аң аулау мақсатында лақтыратын қаруды (аңшылық садағы) пайдалану құқығы.

3) қару иелерінің иір ойықты қаруды оқ-дәрімен өзі жабдықтау құқығы

4) бір азаматқа тегіс ұңғылы да, иір ойықты да қарудың 5 бірлікке дейін рұқсат етілген мөлшерін көздейтін бұдан бұрын қолданылып келген нормаға қайтып оралу.

«Ұсынылып отырған шараларды жан-жақты зерделеу мақсатында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды қарап, олар бойынша өз ұстанымдарыңызды [email protected] электронды поштаға жолдауларыңызды сұрайды» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар