+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Әншілердің авторлық құқығын ұйымдар қорғауы керек - Жеңіс Сейдоллаұлы

2020 жылғы 25 қараша 19:38
Бөлісіңіз:
Әншілердің авторлық құқығын  ұйымдар  қорғауы керек - Жеңіс Сейдоллаұлы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы «ҚазАқпарат» тілшісіне елімізде орындаушылардың авторлық құқығы қалай қорғалатынын және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың рөлі туралы айтып берді.

Жеңіс Сейдоллаұлының айтуынша, әншілердің авторлық құқығын келісімшарт аясында ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қорғауы керек.

«Біз, артистер, ең алдымен, шығармашылықпен айналысуымыз керек, ал авторлық құқықтармен арнайы ұйымдар айналысуы қажет. Біз шығармашылық адамдар өз құқығымызды қорғау жағынан әлсізбіз. Яғни әр қолданушымен келісім жасауға мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты біз өз өкілдеріміз болып табылатын ұжымдық ұйымдарға құқықтарды береміз. Авторлар, авторлық құқық иелері мен пайдаланушылар осындай ұйымның қызметі туралы толық ақпаратқа ие болуы керек», - деді әнші.

Сонымен қатар, ол «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жиналған сыйақы сомасынан әкімшілік шығыстарға жіберілетін сыйақының шекті мөлшерінің 30% көзделгенін атап өтті. Және оны артистер қолдайтынын жеткізді.

Әншінің пікірінше, ұжымдық ұйымдардың тиімді жұмысы авторлар мен орындаушыларға жақсы ақы алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің авторларға жаңа туындыларды шығаруға және қазақстандық мәдениетті дамытуға ынталандырады.

«Жаңа объектілерді құру кезінде авторлар мен авторлық құқық иелері көбінесе өз құқықтарының пайдаланылуын қадағалап үлгермейді. Бұл мәселелермен ұжымдық ұйымдар айналысады. Мен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры ретінде әр әншінің құқығын қорғаймын. Ұжымдық ұйымның рөлі тиімді болуы керек. Біздің ұжымда 450 адам бар, оның 350-і әртіс, олардың құқықтарын ұжымдық ұйымдар қорғайды», - деп қосты ол.

Спикердің айтуынша,Ұжымдық ұйымның ашық жұмысы - бұл қазіргі шындық және күннің талаптары. Авторлар, құқық иеленушілер және пайдаланушылар осындай ұйымның қызметі туралы толық ақпаратқа ие болуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT