Әнші Жадыра Кұтпанова 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дауыс International» тобының бұрынғы жеке әншісі Жадыра Құтпанова 3 жылға көлік жүргізу кұқығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

"Бүгін Алматы ауданаралық әкімшілік соты Жадыра Құтпанованы ҚР ӘҚБ кодексінің 467-бабының 1-тармағы бойынша айыпты деп танып, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды", - деді Қ.Ешімет.

Оның айтуынша сот отырысына әншінің өзі келмеген.

Естеріңізге сала кетейік, Infiniti автокөлігін мас күйінде басқарған «Дауыс International» тобының бұрынғы жеке әншісі Жадыра Кұтпанова 22 шілде күні ұсталған болатын. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, бірінің қолын тістеп алса, екіншісінің шалбарын жыртып тастауға дейін барған.

Соңғы жаңалықтар