Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

«Бұған дейін азамат Т. Төреғалиге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі негізінде СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.

ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес: өлім-жітіммен байланысты емес, ауырлығы аз немесе орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянды түзетсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін әнші Төреғали Төрәлінің қабағын жарған жігітпен татуласқандығы хабарланған болатын.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Төреғали Төрәлінің Көлсай көлдерінде бір жігіттің қабағын жарғаны жарияланған еді. Осы жайттан кейін күдікті деп танылған әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша тергеу жүрді.


Соңғы жаңалықтар