ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды

2022 жылғы 29 қыркүйек, 22:19
Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қоғалды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап.

«Әнші Төреғалиға қатысты іс бойынша 29 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293 - бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталатын болады»,- делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Төреғали Төрәліге қатысты оқиғаны полиция тергеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar