Әнші Толқын Забирова коронавируспен екінші рет ауырып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы -74. Алла шипасын берсін мамама»,- деп жазды әнші.

Сонымен қатар, ол уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.

«Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бір-ақ осындай жаста, үлкендерге салдыруға боларма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар»,- деді Толқын Забирова.


Соңғы жаңалықтар