Әнші Серікбол Сайлаубектің басы дауға қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Серікбол Сайлаубек ән салып жатқан кезде автоматпен  қоршауға алған күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарулы күзет ортасында өнер көрсетіп тұрған әнші бейнеленген видео Сарығаш қаласында түсірілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұйымдастырушылар мерекелік шараға күзет агенттігін тартқан. Қазіргі уақытта олардың қандай мақсатты ұстанғанын тексеріп, анықтап жатырмыз. Содан кейін олардың әрекетіне, сонымен қатар күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беретін боламыз», - деді Алмас Садубаев.

Автомат асынған күзетшілердің ортасында өнер көрсетіп тұрғаны таспаланған видеоны әнші Серікбол Сайлаубек Инстаграмдағы парақшасына жүктеген болатын. Онда әнші: «Білмеймін негізі тойға өзім барғам және өзім қайтқам. Юлдуз Усманова тойға келген. Бізге ондай бақыт қайдан», - деп жазған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Серiкбол Сайлаубек (@serikbol_sailaubek) 17 Ноя 2018 в 11:28 PST

Соңғы жаңалықтар