Әнші Мэрайя Кэри миллиардер Джеймске тұрмысқа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал американдық әнші Мэрайя Кэри Нью-Йоркте австралиялық миллиардер Джеймс Пакерге тұрмысқа шықты. Неке қию рәсімі қашан болатыны белгіленген жоқ, деп хабарлады бейсенбі күні TMZ сайты.

Оның мәліметтерінше, 48 жастағы Пакер 45 жастағы әншіні кездесуге шақырып, оған білдіртпей ең жақын достарын да шақырған. Олардың көзінше сүйіктісінің алдына тізерлеп тұрып, Мэрайяға ұсыныс жасады.

Мэрайя мен Джеймс 2015 жылдың маусымынан бері кездесіп жүр. Олар әншінің екінші күйеуі, екі баласының әкесі Ник Кэннонмен ажырасуға арыз жазғаннан кейін екі айдан соң танысты. Ерекше дауысқа ие Мэрайяның бірінші күйеуі - бірнеше дыбыс жазушы компанияның иесі Томми Моттола болған. Ал екі некеден екі баласы бар Пакер ең дәулетті австралиялық азаматтардың тізімінде төртінші орында. Ол отбасылық дәулетін жылжымайтын мүлік, шоу-бизнес және құмарлық ойындар саласында табысқа жетіп, еселей арттырды. Forbes журналы Пакердің дәулетін 4,5 млрд. долларға бағалады.
"Кэри 1990 жылы Mariah Carey альбомы жарыққа шыққан соң танымал болды. Наурыз айында альбом АҚШ хит-шеруінде 73-ші орын алса, тамызда бірінші орынға шықты", деп жазады tass.ru.

Соңғы жаңалықтар