Әнші Ксения Ашығалиеваның ісін полиция бақылауға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полиция басшылығы әнші Ксения Ашығалиеваның ісін бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жәбірленуші әйелдің арызданған адамдары қазір полицияға түсінік беріп жатыр. Өндірістік іс барысында қылмыстық-процессуалдық шара аясындағы тергеу шаралары іске қосылып жатыр.

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі тексеру процесін полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды.

Айта кетейік, кеше «Jackpot» тобының әншісі Ксения Ашығалиева мен оның күйеуі, гитарист Бауыржан Ашығалиевтің арасындағы отбасылық дау-жанжал көпшіліктің назарына іліккен еді. Әнші өзінің басынан өткен жайтты әлеуметтік желі арқылы жариялады. Оның айтуынша, күйеуі оны жертөлеге апарып, ұрып-соққан.



Соңғы жаңалықтар