Әнші Қайрат Нұртасқа карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әнші Қайрат Нұртас карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, әншіге 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды.

«Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысуымен өтіп жатқан туған күнді анықтады. Келушілер арасында Қайрат Нұртас та болды, ол да басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов.

Бұған дейін, әншінің Алматыда жасырын өткізілген тойда болғаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар