Әнші Ернар Айдар карантин режімін бұзғаны үшін жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әнші Ернар Айдар карантин режімі бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 адам бір ғимаратқа жиналып ұтыс ойынын ұйымдастырған.

«Олардың арасында әнші Ернар Айдар бар. Жиналғандар онлайн трансляция жүргізген. Оларды Экономикалық тергеу департаменті ұстаған. Полиция жиналғандарға қатысты ҚР ӘқбК 476-бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Іс материалдары қазір ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді», - деді Медеу аудандық Полиция басқармасы басшысы Болат Тотыбаев.

Төтенше жағдай режімін бұзғандарға ҚР ӘқбК 476-бабы бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл және 15 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Айта кету керек, қазір Алматының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп жатыр.

Кеше вайнерлердің бірі - желіде «Zheka_Fatbelly» лақап атымен танымал Жеңіс Омаров ұсталды. Оған сот шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ол досын үйіне шақырып, шашын алдырған. Сол бейнероликті интернетке жүктеген.

Еске сала кетсек, мұның алдында белгілі әнші Арман Қоңырбаев та карантин режімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Әнші Алматыдағы мейрамханалардың біріне барған.



Соңғы жаңалықтар