Әнші Димаштың есімімен арнайы шай шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің есімімен жаңа шай шығарыла бастады. Қораптың сыртында әншінің суреті де бейнеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.
Қазір әлеуметтік желілерде танымал тұлғаның өнердегі достары мен жақындары шайдың тұсаукесері сәтінен суреттерін жарыса жариялап жатыр. Олар тілектері мен құттықтауларын Dimash tea хештегін белгілеп, бөлісуде.
Қуанышқа Димаштың жақындары көптеп жиналған. Олардың ішінде әншінің ата-анасынан бастап, Ұлықпан Жолдасов, Данэлия Тулешова, Жанар Айжанова сынды өнер жұлдыздары бар.
Алматыда өтіп жатқан тұсаукесер кешіне әншінің өзі де арнайы келген.
Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.
- The World's Вest: Димаш пен Данэлия Американы тағы да таңғалдырды
- Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды
- Ауа райы: Қазақстанда бүгін қар жауып, жел күшейеді
- ҚХЛ: «Барыстың» плей-офф бәсекесіндегі қарсыласы анықталды
-
Футбол: Қазақстан құрамасы Молдованы жеңе ала ма
-
Димаш АҚШ-тағы «The World's Best» байқауының екінші турында халық әнін орындайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам