Әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы танымал телебағдарламада қонақта болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы «Хунан» телеарнасының танымал шоу бағдарламасында қонақта болды. Бұл туралы әнші өзінің Іnstagram парақшасында хабарлады.

«Қайырлы кеш, достар! Бүгін Қытай телеарнасының ең беделді кешкілік әзіл шоуы «Куай Лы Да бін иің» түсінікті болу үшін «Қытайдың түнгі студиясы»  мені қонаққа шақырды. Селин Дионның «All by myself» әнін көпшілікке арнап, қытайдың «Жаңа күн» әнімен ән теxникасын көрсетіп, Бибігүл Төлегенова апамыздың «Бұлбұлын» шырқап бердім. Қытайдың ең танымал жүргізушілеріне қазақ тілін үйреттім! Бір әзілдесіп, бір күліп, бір марқайып қайттық!», деп жазады әнші.

«Хунан» Қытай телеарналары арасында көрермендер саны жағынан 2-орын алады. Арнаның «Куай Лы Да бін иің»  бағдарламасы қазақша «Шаттық ордасы»  деген мағына береді. 1997 жылдан бастап жүргізілп келе жатқан Қытайдың ең ықпалды телебағдарламаларының бірі. Бұған дейін  бағдарламада  Дэвид Бэкxам, Шейн Баттье сынды  әлемдік жұлдыздар қонақта болған.  

Соңғы жаңалықтар