Әнші Диана Шарапова Арал теңізінің трагедиясы туралы бейнебаян түсірді (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Диана Шарапова «Аралдан ұшқан аққулар» лирикалық композициясына клип түсірді. Шығарманы ҚР мәдениет қайраткері С.Бәйтереков жазған.

Клип сюжеті бойынша әнші құрғаған Арал түбін зерттеуде, деді Mironov Entertainment агенттігінде.

Әншінің айтуынша, Арал маңы аудандарында болған аптада түсіру тобына ауыр түсті. Өйткені олар экологиялық трагедияның ауқымын көрді.

Клип продюсері Роман Миронов айтқандай, негативті ғана көрсетпей, клип «үмітпен» аяқталады. «Өйткені Қазақстан БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің көмегімен Арал теңізін сақтап қалу және аймақ тұрғындарының өмірін жақсарту үшін қомақты қаржы жұмсап жатыр. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынды. Бұл еліміз бен халықаралық ұйымдардың бірлескен жетістігі деп санаймын», - деді Р.Миронов.

Еске сала кетейік, Арал теңізі мәселесін әнші Диана Шарапова ғана емес, сонымен қатар әлемдік жұлдыздар да қозғады. Pink Floyd өткен жылы Louder thanWords композициясына құрғаған Арал туралы музыкалық видеоны таныстырды. Сонымен қатар голливуд актеры Леонардо Ди Каприо өзінің Twitter-дегі парақшасында Арал теңізі трагедиясы туралы пікірін айтып, шөл ортасындағы кеме қалдығы көрсетілген фотоны жариялады.

Соңғы жаңалықтар