Әнші Диана Шарапова әлеуметтік акцияны қолға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әнші Диана Шарапова «Өмірге бала әкелу - бақыт» әлеуметтік акциясын қолға алды.

Әнші соңғы кезде дүние есігін ашпай жатып тағдыр тәлкегіне ұшырап жатқан сәбилерге аянышын білдірген.

«Соңғы кездегі біздің елімізде бірнеше адам шошырлық сорақы жағдайлар орын алды. Бірде дәретханадан, бірде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәререстелер табылып жатыр. Осы жағдайлардан кейін мен бүкіл Қазақстанның әйелдер қауымына екі қабат болу, бала сүю әйел үшін қандай бақыт екенін айтқым келеді. Ең сұлу әйел - аяғы ауыр әйел. Ештеңеден қорықпау керек, бала сүю - әр әйелдің өмірдегі ең басты мақсаты. Мейлі, қазір дағдарыс заманы болсын, тіпті сүйгеніңізбен араларыңыз бұзылса да, маған сеніңіз, мұның бәрі де өтпелі жағдай. Дүние есігін ашқан сәбиіңіздің сізге қараған жанарын көргенде, сіз бүкіл қиыншылықты ұмытасың, сол сәтте сізден бақытты жан болмайды. Алдыңызда баланы туу керек пе әлде? деген сұрақ туындаса, менің айтарым - міндетті түрде баланы өмірге әкелу керек!

Жас қыздарға айтарым - бала деген сіздің өміріңіздің ары қарай жақсаруына, карьераңыздың өсуіне қосымша стимул боп табылады. Аяғың ауыр кезде жаңа идеялар туындайды. Мысалы, мен 9 ай бойы өз жеке альбомымды жазып, қазiргi уақытта сегiз әнiмдi жазып бiтiрдiм», - деді ол.

Диана Шарапованың «Сен жанымда бол» атты әнiн  youtube каналынан тыңдауға болады.

«Біздің жастарға жақсы үлгі- өнеге көрсетіп, өміріміздің өміріміздің қазіргі осы аяғымыз ауыр кезімізде түскен айшықты сүреттерімізді әлеуметтік желілерге жүктеп  #Өміргебалаәкелубақыт#  хэштегімен бөліс», - деді Д.Шарапова.

Соңғы жаңалықтар