Әнші Бибігүл Төлегенованың қызына адам қағып кеткені үшін айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Атақты опера әнші, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың қызы Гүзел Төлегеноваға көлігімен адам қағып кеткені үшін 200 АЕК есебінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«2015 жылдың 08 қаңтарында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабымен және 469-бабымен Төлегенова Гүзелге қатысты әкімшілік іс түсті», - деді ол.

Іс материалдарына сәйкес, көлік жүргізуші Гүзел Төлегенова 2014 жылы 8 қараша күні «Шевроле» маркалы автокөлігімен Құрманғазы көшесімен шығыс бағытта келе жатып Шағабутдинов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші А. Байкулованы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші А. Байкулованың денсаулығына орташа түрдегі зақым келтірілгені анықталған.

«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқықбұзушы Төлегенова Гүзелді ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салу туралы үкім шығарды. Ал Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 469-бабымен қозғалған әкімшілік істі әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамының болмауына байланысты іс сот өндірісімен қысқартылды», - деп қорытындылады Қ.Ешімет.

Соңғы жаңалықтар