«Аңсаған сәбидің» арқасында 1 мыңнан астам сәби дүниеге келген
2022 жылғы 8 сәуір 16:36

«Аңсаған сәбидің» арқасында 1 мыңнан астам сәби дүниеге келген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бұл жайында Шымкенттегі бедеулік проблемаларына арналған халықаралық конференцияда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, елімізде жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуде ЭКҰ бағдарламаларын мемлекеттік қаржыландыру маңызды рөл атқарды.

2010 жылдан бері 9 мыңға жуық бағдарлама өткізілді, 3 мыңнан астам бала дүниеге келген.

«Балалардың болмауына байланысты неке бұзылатын жағдайлар туындайды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкіметке ЭКҰ-ға квотаны 7 есе ұлғайта отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның аясында 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, 1 мыңнан астам бала дүниеге келді», - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ажар Ғиният бедеулікті емдеп қана қоймай, себептерімен күресу қажеттігін айтқан болатын.


Jańalyqtar

MURAǴAT