«Аңсаған сәби»: Жылына бір рет ЭКО жасауға мүмкіндік болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн теңге қарастырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметін бойынша елімізде 9 мың 467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Келесі жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті кез келген жұптар қатыса алады», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырған. Президенттің жолдауына сәйкес, ЭКО квотаны 7 мыңға жеткізу керек, яғни 7 есе көбейту қажет. 943 млн-ды 7 есеге көбейтсек, тиісті сома шығады», - деді Б. Қожахметов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде ЭКО көмегімен 22 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Айта кетейік, жақында Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылатынын айтты.

Осы орайда «ЭКО» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту қажет.


Соңғы жаңалықтар