«Аңсаған сәби»: Қызылордада үшем дүниеге келді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында тұратын 31 жастағы Әйгерім Әлімханова «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Айлин, Анель, Адель есімді үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - жас ананың алғашқы жүктілігі. Нәрестерлер 1180, 1200, 1400 грамм салмақпен дүниеге келді. Сол күні санитарлық авиация желісі арқылы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Енді біршама уақыт орталық неонатологтарының ерекше күтімінде болады. Қазір анасы мен нәрестелердің денсаулық жағдайы жақсы», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

«Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы аясында 2021 жылы облысқа 281 квота бөлініп, өткен жылдың қараша айына дейін толық игерілді. Сол жылы бағдарлама бойынша ЭКҰ арқылы 119 бала өмірге келді. Олардың арасында 3 отбасында егіз сәбилер жарық дүние есігін ашқан. Былтыр бағдарлама негізінде 277 квота бөлінген.


Соңғы жаңалықтар