«Аңсаған сәби»: Былтыр ЭКО-мен 2,4 мыңнан астам сәби дүниеге келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр жасанды ұрықтандыру жолымен 2,4 мыңнан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы аясында жыл сайын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) жүргізуге 7 000 квота бөлінеді. Соның нәтижесінде 2021 жылы 3 249 әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 2 097 отбасында көптен күткен 2 461 бала дүниеге келді. Оның ішінде 1 288 қыз және 1 172 ұл. Көпұрықты жүктіліктен 364 бала жарық дүние есігін ашты.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайта отырып іске қосуды тапсырған болатын, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Президент тапсырмасына орай:

- жетекші мамандандырылған мамандар мен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар арасынан Сараптамалық кеңес құрылды;
- «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бекітілді, оны іске асыру шеңберінде КРТ бойынша нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралды;
- өңірлер бөлінісінде бедеулігі бар пациенттердің (әйелдер мен ерлер) тізімдері өзектендірілді;
- ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бойынша 7000 ЭКҰ циклі бөлінді;
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС жүйесінде ЭКҰ өткізу бойынша қызметтерді бүгінде 19 клиника ұсынады (оның 3-і мемлекеттік, 16-сы жеке медициналық ұйымдар).


Соңғы жаңалықтар