Аңсаған сәби: Бір адам неше рет тегін экоұрықтандыру жасата алады
2021 жылғы 10 қараша 17:33

Аңсаған сәби: Бір адам неше рет тегін экоұрықтандыру жасата алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева бала сүйгісі келген жұптар мен аналар «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы неше рет экстракорпоральды ұрықтандыруға қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экстракорпоралды ұрықтандыруды жылына бір рет жасауға болады. Алдыңғы «эко» нәтижесіз өтсе, келесі жылы дайындалып, қайтадан тегін жасата алады. Яғни, алдыңғы «эко» нәтижесіз болғандықтан, мемлекет тарапынан қайта тегін көмек алуға құқылы», - деді маман орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша қандай жұптар жиі жүгініп жатқанын айтты.

«Бедеуліктің екі түрі бар. Бірі туа пайда болса, екіншісі жүре пайда болады. Бізге солардың ішінде көбіне жүре пайда болған ақаулардың, жүре пайда болған созылмалы аурулардың салдарынан бедеулікке шалдыққан адамдар жиі келіп жатыр», - деді Айгүл Мұсабаева.


Jańalyqtar

MURAǴAT