«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 2 431 бала дүниеге келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 2 431 бала дүниеге келді. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп тобындағы балаларды зерттеп-қарау және оларға консультация беру үшін перенаталдық ультрадыбыстық скрининг жүргізіліп жатыр. Нәресте өлімінің себебі туа біткен әртүрлі ақаулар болып тұр. Сондай-ақ дамуында кемістігі және олардың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылып жатыр. Биыл Алматы және Шығыс Қазақстан облысында ашылды. Келесі жылы 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланған», - деді министр.

Ажар Ғинияттың дерегінше, медициналық оңалтуды қаржыландыру 7 есеге, оның ішінде балалар үшін 27 пайызға ұлғайды.

«Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын білесіздер. Бұл бағдарлама Президентіміздің бастамасымен өткізіліп жатыр. Елімізде былтыр 7 000 квота таратылған болатын. 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, көптен күткен 2 431 бала туды. Көптеген отбасы бала сүю бақытына ие болды. Жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарланған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар