Аңсаған сәби: Алматыда 1173 әйелге ЭКО жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мегаполисте жыл басынан бері1 173 әйелге сақтандыру есебінен ЭКО жасалды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынаша, Медициналық сақтандыру Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының бюджетін едәуір арттыруға мүмкіндік берген.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетінде Алматы қаласында медициналық көмекке ақы төлеуге шамамен 53,6 млрд теңге бөлді. Шығындардың көп бөлігі стационарлық медициналық көмекке төленді, бұл 27,9 млрд теңгеден асады», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Өткен жылмен салыстырғанда жоғары технологиялық операцияларды қаржыландыру 2,1 млрд теңгеге артты. Егер 2020 жылы 11,8 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл сома 13,9 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылдың 6 айында халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсетуге 8,2 млрд астам теңге бөлінді.

«Қолжетімділігі артқан қызметтің бірі экстрокорпоралды ұрықтандыру, яғни ЭКО процедурасы. 2020 жылы барлығы 643 монепуляция жасалып, оған 563 млн теңге бөлінген. Ал биыл ЭКО бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылған. Аталған сомаға 3245 жасанды ұрықтандыру процедурасы жасалуы тиіс. Яғни қызмет көлемі 5 есе артып отыр. Биыл бастапқы алты айда 1 173 ЭКО процедурасы жасалып, оған 1,1 млрд теңге жұмасалды», - деді спикер.

Сондай-ақ 2020 жылы жоғары технологияның көмегімен 184 кордохирургиялық операция жасалды. Ал, 2021 жылдың бірінші жартысында осындай 837 ота жасалып, оған 3,2 млрд теңге жұмсалды.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу медициналық оңалтуды қаржыландыруды ұлғайтуға және оның қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Биыл оңалту қызметіне 7,7 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Еске салсақ, Президент Жолдауында «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырған еді.



Соңғы жаңалықтар