Аңсаған сәби: 14 мың әйелге ЭКҰ қызметтері ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы аясында 14 мың әйелге ЭКҰ қызметтері ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы аясында 14 мың әйелге ЭКҰ қызметтері ұсынылды. Жалпы бағдарламаны іске асыру кезеңінде 7 мығнан астам әйел жүкті болды. 3200 отбасында көптен күткен 4 мың бала дүниеге келді. Қазіргі уақытта 3 мыңға жуық жүкті әйел бала туады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар