Аңсаған Мұстафа Қытайдағы қандастарымызға шеберлік сыныбын өткізбекші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік өзекті тақырыптар арқау ететін суретші Аңсаған Мұстафа Қытайдағы Мори Қазақ автономиялық ауданынан шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі Қытайда Мори деген жер бар екен. Сол жерде 6 000 қазақ тұрады екен. Сол жердегі қазақтар менімен кездескісі келіп, мастер-класс өткізуді сұрап шақырды», деп жазады елордалық суретші Фейсбуктегі парақшасында.

Әлеуметтік желілерде Аңсаған Мұстафаның әр жаңалыққа, көтерілген проблемаларға арнап салынған суреттермен қатар, көбіне өз суреттері арқылы қалың оқырманның назарын жаңа тақырыпқа аударып, тың мәселелердің басын қозғап келеді. Оның қазақ жастарына арнап салынған суреттері түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс және тағы да басқа оншақты тілдерге аударылып, әлемге тарады. 

«Қытайға суреттерімді өткізе ме екен? Жалпы ойлап едім, көрме Алматы , Астана , Талдықорған, Шымкент, Тараз, Атырау, Теміртау, Қызылордада өтті ғой. Енді туған жерім Оралдан шақырса, ауылымның бір ақсақалы шалы батасын берсе, Әзербайжанға тартып кетсем деп жүрмін. Енді бұйырса шет елге барамын», - деп жазды суретші.

Жазбаға пікір қалдырған Қытайдан келген қандасымыз журналист Ұларбек Дәлейұлы: « Мори ішкі Қытайда емес, Үрімжіге (қаласына) жақын жер. Негізінен қазақтар қоныстанған. Қазақы қолөнермен, кестемен даңқы шыққан жер. Қорықпай барып қайтсаңыз болады», деп пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар